Басты бет / Филология / А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы / Аккузова Айнур Абдыжалиловна

Аккузова Айнур Абдыжалиловна

Лауазымы: доцент м.а., аға оқытушы
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
Scopus author ID: 57204361716
Жасырылған
       Аккузова Айнур Абдыжалиловна – 1990 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2011 жылы бакалаврды үздік дипломмен, 2013 жылы магистратураны тәмамдады. 2015-2018 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР ҰҒА-ның бірлескен ғылыми кадрларды дайындау жобасы аясында «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша доктортураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгерді. 2011-2022 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істеген. 2013-2024 жж. Ұлттық тестілеу орталығы, Тыңдалым бөлімінің әзірлемешісі қызметін атқарды. 2021 жылдың қаңтар айында ф.ғ.д., профессор Ж. Манкееваның жетекшілігімен «Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын Еңбек ері Д.Исабековтің қатысуымен көпшілік алдында сәтті қорғап, «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дережесі берілді. Жазушының жас ғалым Айнұрдың қорғауына берген бағасы: «Қазақ қыздарының жүрегінің түгі бар, отыз жасында Ғылыми кеңесте, автордың алдында оның еңбектерін талдауға, баға беруге кез келген адамның рух-жігері жетпейді. Бүгінгі қорғау – қазақ қызының қайсарлығының тағы бір дәлелі» деген пікірі болды. 50-ге жуық ғылыми мақала мен бірнеше оқу құралының авторы. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорына тұрақты қолдау білдіріп шеберлік сабақтарын өтіп, әділқазылық етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі. А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті. Филология факультеті, Оқыту және білім беру сапасы бойынша Академиялық комитетінің төрағасы. Тұрмыс құрған, үш бала тәрбиелеп отыр.
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
2
25
2
The Language Situation in the Healthcare Sector of the Republic of Kazakhstan

Koptleuova, K., Khairzhanova, A., Akkuzov, A., Kaiyrbekova, U., Akkuzova, A.

2023

Eurasian Journal of Applied Linguistics
9, с. 118-131

6

Цитирований
Some features of the meaning “literary text” in the pragmalinguistic aspect

Akkuzova, A., Mankeyeva, Z., Akkuzov, A., Kaiyrbekova, U., Baiymbetova, R.

2018

Opcion
34, с. 20-34

19

Цитирований